Ergali ESBOSINOV
Түркі қағанаттарының құылып, қалыптасуының алғашқы кезеңінде
олардың алдында салтанат құрған алғашқы дала мемлекеті – ғұндардан
қалған дәстүрлі мемлекеттік жүйе элементтері сақталып, ерте ортағасы-
рлық Түркі қағанатының қалыптасу кезеңінде тарихи-құрылымдық қыз-
метін одан әрі жалғастырды. Сол дәуір түркілерге ғұндардан жүйеленген
дәстүрлі дүниетанымға негізделген діни идеология қалды. Ғұн мемле-
кетінен соң саяси бытыраңқылыққа ұшыраған көшпелілерді біріктіру-
де, қағанаттың территориясын кеңейтіп, көрші елдермен тиімді эконо-
микалық қарым-қатынастарды реттеуде де дәстүрлі діни идеологияның
потенциалдары пайдаланылды. Ал ерте ортағасырлық түркілердің діни
идеологиясы ерте түркілердің дәстүрлі дүниетанымымен тығыз байла-
нысты еді. Түркі қағанатында діни идеология түркілердің дәстүрлі дүни-
етанымындағы Тәңірі, Жер-Су, Ұмай, Құт, Ата-баба әруағы, Апат сияқты
негізгі діни ұғымдардың аясында орнығып, осы негізгі ұғымдар Түркі
мемлекетінің қалыптасып, қоғамдағы әлеуметтік қарым қатынастарды
реттеуге, қағанаттағы сыртқы-ішкі істерді дұрыс ұйымдастыруға бағыт-
талған іс-шаралардың шеңберін белгілеп отырды. Бұлардан өзге қосым-
ша, аспан денелеріне, киелі жерлерге, ұсақ ырым-жоралғыларға қатысты
діни ұғымдар да түркілердің дәстүрлі діни сенімі жүйесіне еніп, қосымша
міндеттердің біріне айналды.
Уақыт өте келе орын алған тарихи оқиғалар мен әлеуметтік өзгері-
стерге байланысты түркілердің дәстүрлі дүниетанымының идеологи-
ялық дағдарысы кезінде, түркі билеушілерінің ел үшін жаңа идея іздеу
жағдайында әлемдік діндердің бір қатары түрлі жолдармен өз мақсатта-
рына жетіп жатты. Солардың бірі – Будда діні де түркілер билеушілерінің
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
377
назарына олқылықтың орнын толтырар идея ретінде ілікті. Бірақ, бұл
ілім түркілердің дәстүрлі дүниетанымымен рухани, өркениеттік тұрғыда
сәйкес келе алмады. Осы дінді қабылдаған түркілер не осы дінді ұстанушы
халықпен ассимиляцияға түсті, не өздеріне тән мәдени-шаруашылық
ерекшеліктерінен ада етіп, бұрынғы саяси белсенділіктерінен айырылды.
Дәстүрлі діни идеология болса рухани тығырықтан шығар жол таппай өз
міндетін атқарып біткен, ескі жүйе ретінде түркі қоғамынан шеттетіле
бастады.
Түркілердің мемлекеттерінің ыдырауымен сол мемлекеттерге ұстын
болған діни идеология да терең дағдарысты бастан кешірді. Бөгде иде-
яларға қарсылық көрсетуі тиіс жүйеленген дәстүрлі дүниетаным да те-
рең трансформация үрдісін бастан кешіріп, бұрынғы мемлекеттік, ресми
тұғырынан айырылып, тар дәрежедегі ру-тайпалық ыдырау кезеңін
бастан кешірді. Анағұрлым жетілген, жас діни идеялар күшейіп түркі
қоғамының ыдырау процесін одан әрі күшейтті. Бұл діни идеялар бір
жағынан жекелеген түркі мемлекеттерінің қайта құрылып дамуын же-
делдеткенмен, көшпенділердің арасындағы жаңа сипаттағы саяси-мә-
дени қайшылықтардың тууына себепкер болды. Нәтижесінде бұрынғы
біртұтас түркі мемлекеттері енді бір-бірімен идеялы тұрғыда қарсылас,
жау мемлекеттерге айналды.
Жалпы, түркілік дүниетаным негізіндегі діни идеологиядан айы-
рылған түркілердің дәстүрлі, жүйеленген шаруашылық үндестігі де зар-
дап шекті. Мал жайылымы, тіршілік үшін күрес барысында түркілер
одан әрі әлеуметтік тығырыққа тіреліп, көршілес, отырықшы аймақтарға
ығысып, қоныс аударды. Өздерінің көшпенділерге тән жаугершілік қа-
сиеттерінің арқасында отырықшы мемлекеттердің шекарасына тақау
орналасып, сол мемлекет билеушілерінің жалдамалы әскеріне айналды.
Осылайша, көшпенділердің бір тобы отырықшы мемлекеттердің өзара
феодалдық қырқыстары кезінде олардың қолындағы әскери құрал болса,
екіншілері отырықшы мәдениетті көшпенділердің шабуылынан қорғай-
тын шекара қорғаушы жалдамалы әскерге айналды.
Әр түрлі саяси-экономикалық (арабтардың жаугершілігі, отырықшы
елдерімен саяси-экономикалық қарым-қатынас, көрші елдердің саяси
мүдделері, Ұлы Жiбек жолы, ислам дінінің кеңінен насихатталуы) себеп-
терге байланысты түркi даласына әртүрлi наным сенiмдер мен әлемдiк
378
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
дiндердiң енуiне әсер еттi. Бiрақ, олардың ешқайсысы да дәл ислам си-
яқты түркiлер арасында табан тiрей алмады. Тәңiр дiнiнде Исламның
қағидаларына қарсы келмейтiн, қайта адамның рухани дамуына бiр-бiрiн
толықтырып, бiрдей қызмет ететiн элементтердiң мол болуы түркiлердiң
жаңа дiндi тез қабылдауына оң әсер еттi. Бұған әсiресе екi дiндегi абсо-
люттi рухтың сипаттарының ұқсастығы себеп болды. Түркiлер де Тәңiрге
серiк қоспады, оны жалғыз деп бiлдi. Исламды қабылдаған соң түркiлер
өздерiнiң түсiнiктерi жетпеген, үнемi мазалаған сұрақтарына қасиеттi
Құран кiтабы арқылы жауап тапты, дiни түсiнiктерiн кеңейттi.
Түркiлердiң исламды қабылдауда табысты болуларына түркiлердiң
билiк жүйесi мен исламдағы басқару принципiнiң тамырластығы да әсер
етпей қоймады. Исламның алғашқы кезеңдерiндегi әлi деспоттана қой-
маған мемлекеттi билеу жүйесi мағыналық жағынан түркiлiк дәстүрмен
ұқсас болды. Бiртұтас мемлекет билеушiсi ретiнде көшпендiлер табиға-
тына да монархия мен деспотизм жат болды. Түркiлер мемлекеттi басқа-
руда билiктiң сатылы-еншiлес жүйесiн пайдаланды.
Сонымен, исламның түркі мемлекетінде ресми дәрежеге жетуімен діни
идеология жаңа формаға ие болып, өз міндетін қайта атқара бастады. Бұл
жолы түркі билеушілері түркі елі идеясын ислам-түркі діни идеология-
сымен алмастырды. Бұл өз кезегінде түркі қоғамын мұсылмандар және
дәстүрлі дүниетанымда қалғандар деп екі этномәдени топтарға бөлінуіне
алып келді.
Бастапқыда жаңа дінді қабылдауда діни қасаңдыққа ұрыну, жаңа
дінді өзгеріссіз қабылдауға ұмтылу түркі мемлекеттеріндегі саяси қай-
шылықтарды болдырмай қоймады. Бүкіл ислам әлемін жайлаған ис-
ламішілік діни ағымдардың саяси күресіне ислам әлемінің бір бөлігіне
айналған Түркі қоғамы да тартылды. Жаңа исламды қабылдаған түркі
мемлекеттері дайын исламдық мемлекеттік үлгі ретінде өздерімен көр-
шілес тәжіктік-парсылық мемлекеттік дәстүрлерді қабылдады. Ал бұл
дәстүр өз кезегінде исламнан бұрынғы шығыстық деспоттық жүйені
сақтап қалып, жаңа жағдайға бейімделген құрылым болды. Дәстүрлі түр-
кілік дүниетанымға негізделген мемлекеттік дәстүр отырықшы, ирантек-
тес мемлекеттік заңдарға бағындырылып, дәстүр сабақтастығын бұзған
қайшылықтарды тудырды. Мұхаммед (ғ.с.) пен алғашқы дұрыс халифтар
кезiндегi исламдық билiк жүйесi де, алғашқы түркiлердiң де басқарудың
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
379
сатылы-еншiлес жүйесi де өздерiне дейiн өмiр сүрген отырықшы мемле-
кеттердiң дәстүрлi билiк жүйесiмен бiрыңғайлыққа түсiп, деспоттық-мо-
нархиялық сипат алды.
Ұлы дала мен Азияның басым бөлігіне өз мемлекетін құрған
моңғол-түркілері исламданған түркі әлемінде орын алған саяси-рухани
дағдарысты жойып, дәстүрлі түркі-көшпенділерінің мемлекеттік жүйесін
қайта қалпына келтіруге тырысты. Шыңғысхан әскерiнiң көпшiлiк бөлiгi
түркi тайпаларының өкiлдерiнен тұрды. Моңғолдар жергiлiктi түркiлердi
өздерiнiң тектiк жақындықтарын алға тарта отырып өз жоспарларына
орай пайдаланып отырды. Моңғолдардың алдында Орта Азияның оты-
рықшылар мекендейтiн аймақтарына әскери жалдамалылар, билеушi
жақтастары ретiнде келген түркiлер жергiлiктi мәдениет пен дiлдiң
ықпалына түсiп өзгерiске ұшырай бастаған болатын. Жаулап алған жер-
лердегi түркiлердiң әрекеттерiне орай моңғолдар оларды жазалап отыр-
ды. Егер олар моңғолдармен ынтымақтастыққа барса онда олар өздерiне
тиiстi сенiмге ие болып, жорыққа қатыстырылды. Ал егер олардан келер
титтей де күмән туса, олардың моңғолдармен ынтымақтастыққа барға-
нына қарамастан (мысалы, Кавказдағы қыпшақтар) сенiмнен шығарып
тастады.
Өздерінің саяси мақсаттарына жеткен Шыңғысхан өзі құрған импе-
рияда түркілік, дәстүрлі мемлекеттіліктің элементтерін енгізді. Деген-
мен, дәстүрлі дүниетанымға негізделген діни идеология өз саяси-руха-
ни мүмкіншіліктерін түгесіп біткен себепті, жаңа, жас ислам дінімен біте
қайнаса синтезделген, ортақтасқан түркілік исламның мүмкіндіктерін
пайдалана отырып қана түркі мемлекеттілігін жалғастыра алатыны бел-
гілі болды. Шыңғыс хан да бұл үрдіске қарсы тұра алмады. Бірақ, тек
Шыңғысхан ғана сол кезеңде дәстүрлі түркілік діни идеологияның әлі бар
екендігін, онымен санасудың керектігін көрсете алды. Шыңғысхан кезін-
де басталған дәстүрлі діни идеология мен исламның бірігу процесі оның
ұрпақтарының тұсында жалғасын тауып, Қазақ хандығының тұсында өз
шарықтау шегіне жетті.
V
І-ХІІ ғ.ғ. түркі қоғамында дәстүрлі дүниетанымның идеялық маңы-
зы аса зор болды. Ол халық пен қаған арасы, мемлекет пен халық ара-
сы, табиғат пен адам арасы, отбасылық сияқты мемлекет ішілік қатына-
старды ғана емес, түркі мемлекетінің сыртқы саясатын, көрші елдермен
380
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
терезесі тең ел ретінде қатынасқа қол жеткізетін саясатын белгілеп бе-
ретін мәселелерді де реттеп отырды. Түркі мемлекеттерінде орын алған
рухани процестердің нәтижесінде түркі мемлекеттеріндегі діни идеоло-
гия да өзгерістерді бастан кешірді. Ортағасырлық түркі мемлекеттері
тек көршілері тарапынан қарулы шабуылдарды ғана емес, идеологи-
ялық басқыншылықтарды да көрді. Осыған қарамастан түркі қоғамын-
да дәстүрлі дүниетаным негізіндегі діни идеология мемлекеттіліктің ал-
тын қазығы болып қала берді. Түркі билеушілерінің қолдауына ие болып
ресми дәрежеге жеткен жат жұрттық идеялар көбінесе түркі қоғамының
ыдырауын жеделдетті. Түркі дүниетанымымен санасқысы келмеген ис-
лам діні де исламданған түркі қоғамының шаңырағын шайқалтты.
Бірақ, түркілер арасына біртіндеп тарай бастаған жаңа дін түркі ха-
лықтары сана-сезімін күшпен жаулап алудың мүмкін еместігіне көз жет-
кізіп, көшпенділер дініне айналудың жаңа жолдарын қарастыра бастады.
Түркілер де өз кезегінде мұсылман-түркі мемлекеттерінің саяси-мәдени
дамуына исламның көшпенділерге жат дәстүрлі емес нұсқасын үлгі етіп
алудың алғашқы зардаптарын сезінді. Әсіресе, исламның отырықшы
ирандық дәстүрмен біте қайнасқан саманилік мемлекеттік үлгіні түркі
мемлекетіне көшіре қабылдаудың зардаптары, ең алдымен саяси-мәдени,
қоғамдық-рухани салада айқын білінді. Міне, сондықтан да Қожа Ахмет
Йассауи сияқты сопылық ағымның ислам мен дәстүрлі дүниетанымның
өзара үйлестіретін ілімінің түркі мемлекетінде жетекші орынға шығуы
бұл қайшылықты шешіп, исламның түркілер арасына, түркі дүниетаны-
мымен үйлесе отырып сіңуіне ықпал жасады.
Түркiлiк дүниетанымның элементтерiн сiңiре бiлген, олардағы қағи-
далар мен ережелердi исламдық шариғатпен шебер жымдастыра бiлген
исламның сопылық ағымы мен оның көрнектi өкiлi Қожа Ахмет Йас-
сауи iлiмi түркiлер арасында исламды таратуда табыстарға жеттi. Бұл
үрдiске түркiлiк дүниетанымның исламмен аса қайшылыққа келе қойма-
уы, керiсiнше түп негiздегi ұқсастықтың да оңтайлы әсер еткенi сөзсiз.
Осы негiзде түркiлердiң исламды қабылдауы қандай да бiр зорлықсыз,
дүниетанымдық қарсылықсыз, еркiн түрде жүргiзiлдi. Қожа Ахмет Йасса-
уи сияқты сопылық ағымның ислам мен дәстүрлi дүниетанымның өзара
үйлестiретiн iлiмiнiң түркi мемлекетiнде жетекшi орынға шығуы ислам-
ның түркiлер арасына түркi дүниетанымымен үйлесе отырып сiңуiне
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
381
ықпал жасады. Танымның йассауилік жолы–бұл әулиелікке жол және ең
алдымен түркілердің көне нанымын ығыстырған діни практика. Бұл ілім
Шығыс Түркістаннан солтүстікке қарай, оңтүстікке Хорасан мен Әзірбай-
жан тарапына, одан Кіші Азияға тарады
№
.
Қожа Ахмет Йасауи қалыптастырған сопылық жол дәстүрлi түркi мә-
дениетiн қайтадан қалпына келтiруге мүмкiндiк бердi. Ең бастысы ол дiн
ғылымын түркi тiлiнде сөйлеттi. Оған Йасауи хикметтерiндегi мына жол-
дар дәлел бола алады:
“
Қоштамайды ғалымдар бiздiң айтқан түркiнi.
Бiлгендерден есiткiл, ашар көңiл мүлкiнiң,
Аят, хадис мағнасы түркi болса муафиқ (жақсы),
Мағынасына жеткендер жерге қояр бөрiгiн”
25
.
“
Дiн тiлi түркiше сөйлеген соң ғылым, бiлiм, әдебиет, мәдениет тiлi
қайтадан түркiлене бастады. Кезiнде шариғат жолы аясына сыймай қолда-
ныстан шығарылған түркiлердiң әдет-ғұрып, салт-дәстүрi тариқат жолы
үкiмiмен қайта қолданысқа ендi”
26
.
Сопылық форма өзiне тәңiрлiкпен қа-
тар басқа да түркiлiк наным сенiмдердi батыл енгiздi. Бұл жайлы кезiнде
Ш.Уәлиханов “Мұхаммед дiнi, тәңiрi сенiмi мен көне нанымдық элемент-
тердi сақтай отырып бiрiктiрдi”, деп кеткен болатын
№
.
Сопылық өзiне
кез-келген концепция мен дүниетанымды өткiзуге рұқсат берiп, ескi на-
ным, әртүрлi философия мен дiни дәстүрлер қоғамының әртүрлi өкiлдерi
қабылдаған элементтердi кiргiздi. Сопылық өзiнiң исламды бейiмдеуге
қабiлеттiлiгiмен орта ғасырлардағы исламның керемет бейнесiн жасады.
Дүниетанымдағы алшақтықтың, қарама-қайшылықтың болмауы түр-
кiлердiң ислам дiнiн тез қабылдауына мұрындық болды. Түркiлердiң
әлемдік сахнаға шығып, ислам әлемiн жаулап алуына селжүктердiң ис-
ламды қабылдауының да тiкелей әсерi болды. Түркi даласына исламның
таралуына Хорасанда орын алған саяси оқиғалар нәтижесiнде моралдық
құлдырауға ұшырай бастаған ресми халифат билiгiне оппозициялық
көзқарастағы қайсание iлiмiн ұстанушылардың Мауереннахр мен Түр-
кiстанға келулерi себепшi болды. З.З.Жандарбектiң «бастапқыда ресми
ислам мен халифаттың жақтаушылары болған түркiлер уақыт өте келе
25
Тримингем Дж.С. Суфийские ордены в исламе. –Москва: София, 2002. -480 б.
26
Йассауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Даналық кiтабы). –Алматы, 1993.
382
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
осы iлiм мен осы iлiмдi ұстанушылардың ықпалына түсе бастады»
27
де-
ген пiкiрiнiң жаны бар. Түркiлер арасында ислам дiнiн таратуда табысты
болған шейхтар Әбдiрахман Баб, Әбдiжәлiл Баб, Ысқақ Бабтармен рухани
байланысы бар Хорасан шейхтары мен осы iлiм арқылы ислам қағидала-
рын бойларына сiңiрген алғашқы селжүк билеушiлерi халифтың көзсiз
қолшоқпарларына айналмай, керiсiнше, халиф билiгiн айтарлықтай шек-
тедi.
Аталып өткеніндей, түркілердің исламды бейбіт жолмен, ерікті қа-
былдауына негізінен исламдағы сопылық ағымдардың жекелеген өкіл-
дерінің еңбегі көп болды. Түркілік сопылықтың негізін қалаған йасса-
уийлік ілімнің өкілдері, кейін Дешті-Қыпшақ пен басқа да түркілік ай-
мақтардың түркі-көшпенділерінің мұсылмандыққа түсуіне әсер етті. Бұл
орайда Жошы ұлысының исламдануына Бұхара мен Хорезмнің сопылық
уағызшылардың миссионерлік әрекеті зор ықпал етті
28
.
Сопылар, ислам
дінінің негізгі діни қағидаларына нұқсан келтірместен әлі де болса ескі
діндерінің діни жоралғыларынан қол үзе қоймаған көшпенділердің діни
элементтерін жаңа дінмен шебер үйлестіре білді. Ислам сопыларына
олардың миссионерлік қызметіне орасан зор ықпал еткен фактор –көне
түркілік сенім мен исламдағы діни-идеялық тұжырымдардың мол болуы
еді. Әсіресе, түркілер арасындағы “әулилелер” бейнесі олардың дәстүр-
лі дініндегі желеп-жебеуші әруақтар ұғымымен астасып жатты. Тіпті,
Еуразияның ұлан-байтақ жерінде бір әулиенің бірнеше қабірі кездесетін
кездер аз емес. Мысалы, қазақ халқының сенім жүйесіндегі Баба Түкті
Шашты Әзіз әулиенің Қазақстан жеріндегі қабірі мен Астрахань өңірінде-
гі Мошайық ауылындағы Тукли-баба Шашлы-адже қабірімен байланысы
қызықты деректер қатарынан орын алады.
Ортаазиялық ислам түркілерден көне, жергiлiктi элементтермен
толыққан синкретикалық құбылыс болып, анимистикалық сенiм
қалдығына жататын “перiлер”‘ туралы ұғымды қабылдады. Перi адамға
жақындап, онымен жыныстық қатынас жасайды деген сенiм тарады. Олар
таңдау белгiсi ретiнде адамға ауру жiбередi немесе жыландар жiбередi.
Перiлер еркектерге әдемi әйел, әйелдерге келбеттi еркек түрiнде көрiнедi.
27
Жандарбек З.З. ‘‘Йассауи жолы және қазақ қоғамы’’. Ғылыми зерттеу. Алматы: Ел-
шежiре, 2006. -256 б.
28
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5-томах. Том I. –Алматы, Каз.сов.энцикл., 1984.
-310 c.
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
383
Оның таңдаған адамы рухани адам болуы тиiс болды. Дiнбасылардың
арасында айрықша сатыда тұрған тұлға, бұл мазарлардың иесi-шейхтер
болды. Егер мазар қандай да бiр беделдi адамдiкi болса шейх оның тiкелей
ұрпағы болып келедi. Егер ол адамның ұрпағы болмаса онда басқа адам
мазар иесi бола алады. Ал Қазақстанда мазар иелерiн «шырақшылар»
деп атайды. Жоғарғы тарауларда атап кеткеніміздей, мазарлар мен
«
шырақшылар» исламға дейінгі Көктүріктер мемлекетінде де болды.
Көптеген түркi халықтары ата-бабасының әруағын өзiне қорғаушы
ретiнде таңдап, қысылғанда одан көмек сұрау нанымы болды. Бұл сенiм
кейiн, мұсылмандық сипатқа ие болғанмен, негiзiнде көне түркiлiк ата-
бабаға табыну идеологиясы жатыр
29
.
Мұсылман әулиелеріне тағзым
бұрынғы ата-баба әруағына табынудың кейбір дәстүрлерін қабылдап
алды. Түркілерде әруаққа тағзымның тұтас бір рәсімдік кешені болды.
Исламға енген исламға дейінгі осындай рәсімдік кешеннің бір элементі
әулиелердің қабіріне шүберек байлау болды. Хорезм оазисіндегі әулиеге
табыну дәстүрін зерттеп жүрген ресейлік ғалым Ю.В. Кнорозовтың
пікірінше, қабірге, немесе қабір жанындағы ағаштар мен бұталарға
шүберек байлау кісінің құрбандық шалуға ниет ету, зияратының белгісі,
т.б
30
.
Қалай болғанда да бұл дәстүр исламға дейінгі түркілердің табиғатқа,
ата-баба әруағына тағзым идеясымен байланысты екендігінде дау жоқ.
Және бұл дәстүр халықтық исламның бір элементіне айналып, жаңа
дінмен біте-қайнасып кетті. Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарының
түгеліне дерлік әулиелердің басына зиярат етудің өзіндік жосын-
жоралғысы қалыптасты.
Сопылық ағымның ықпалымен көне нанымнан ислам дініне қай-
шылыққа келтірместен жымдастырыла ендірілген дәстүр – «бақсылық»
болды. Бұрынғы діннен ислам дініне сіңіскен көне наным элементтерінің
бірі діни қызметкер–бақсы тұлғасы болды. Ескi тәңірі діні сопылар мен
олардың ұрпақтарына ауысты–бақсылар мұсылмандық форманы қабыл-
дап, ендi олар ишандар деп атала бастады. Ислам дінін қабылдаған соң
көне сенімнің діни өкілдері–бақсылар исламданған түркі қоғамында өз
29
Жандарбек З.З. Маулана Сафи ад-дин Оруң Қойлақидың ‘‘Насаб-намасы’‘. Оңтүстiк
Қазақстанның VIII-ХII ғ.ғ. тарихының дерегi. Тар.ғ.канд. дис. –Түркiстан: 2000. -156 б.
30
Сибгатуллина А.Т. Суфийские тарикаты среди тюркских народов // Сборник тезисов
региональной научной конференции «Проблемы взаимодействия национальных культур»
(«
Межэтнические общения в полиэтническом регионе»). Ч. 1. Астрахань, 1995. С. 84-86;
384
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
орынын иелену үшін уақытша үзіліс кезеңін бастан кешті. Осы үзіліс ке-
зеңі аралығында бақсылар өз дүниетанымдары мен діни рәсімдерін жаңа
дінге ылайықтап, өздері де екі идеологияның да белгілерін ұштастырған
күрделі синкреттік тұлғаға айналады. Мысалы, өз бойына көне түркілік
кезеңдерден бергі түркі дүниетанымдарының қатпарларын жинақтаған
Қорқыт ата бейнесі де көне сенім діни өкілінің қайшылыққа толы даму
үдерісін айқын көрсете алады. Мұсылман әулиелеріне тән қасиеттер мен
ескі шамандық көзқарастардан қалған бақсылық, абыздық белгілердің
бір-бірімен кірігіп, тұтасып кеткендігі байқалады.
Осы тақырыпта зерттеу жүргізіп жүрген ғалым В.Пятницкий осындай
қасиеттерге ие бақсы домбыра, қобыз сияқты аспаптардың көмегімен де
сеанс жүргізіп, болашақты болжау қасиетіне ие болған (Демидов С.М.,
1978: 176).
В.А. Мошковтың жинаған мәліметтеріне қарағанда қазіргі ха-
лық бақсыдан келер қатерден сескеніп, оған сый-сияпат жасап, тіпті, үй-
леріне тамақ ішуге де шақырып отырады. Осы В.А. Мошковтың жазуын-
ша дәл осы бақсылар ғана түркілердің көне нанымдары мен әдет-ғұрып-
тарының білгірлері болып саналады
№
.
Ислам да өз кезегінде тәңірліктің мәдени дәстүрлерін сіңіру негізінде
түркілік модификацияға ие болып, табиғатты тірі ретінде түсінетін адам-
ның әлемді тануын, дүниетанымы ерекшеліктерін қабылдады. Мысалы,
өзге діндердегі сияқты исламдағы «жан» ұғымы тәңірілікте ерекше, ай-
рықша мәнге ие болды
31
.
Көне түркілердің сопылар арқылы сақтап қалған діни жоралғылары-
ның тағы бірі–исламдағы қосымша діни ғибадаттар. Көне түркілер наны-
мында діни ғибадаттар, жоралғылар көбінесе түнде жасалды. Оңтүстік
Сібір түркілерінің нанымын зерттеуші Н.Алексеев, Тыва түркілерінің
сенімін зерттеуші ғалым М.Кенин Лопсанның жазуынша түркілер діни
жоралғыларының негізгі бөлігін күн әбден батып, қараңғылық орнаған-
да жасайды. Ислам дінінде де мүміндердің түнді ғибадатпен өткізуге
нұсқау берілген. Құранда бұл туралы «Түнде аз ұйықтайды. Таң сәріде
құлшылық етіп, кешірім сұрайды» деп жазылған. Құрандағы осы аятты
басшылыққа алған сопылық ағым зікіршілері де өз рәсімдерін түнде жа-
сайды
№
.
Сопы дәстүрiнiң бiрi – коллективтi зiкiр салу болды. Зікір кезінде
31
Демидов С.М. Суфизм в Туркмении (эволюция и пережитки). Под ред. Н.Байрамсахатова.
–
Ашхабад, Ылым, 1978. -176с.
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
385
сопылар экстазға түстi. Зiкiр салудың екi түрi болды – “хуфия”, тыныш,
“
джахр” - жария зiкiр салу. Бұл дәстүрден сопылыққа енген шамандық
элементтi көремiз (Демидов С.М., 1978: 41б). Сопылыққа көне түркілік
нанымнан енген діни элементтер туралы Д.Кенжетайдың “…осы дүни-
етанымның Йассауи iлiмiнiң қалыптасуындағы негiзгi құндылықтық әрi
құбылыстық (феноменологиялық) бастаулардың тұғыры мен ұстамдық
негiзi”
32
деуі шындыққа жанасады.
Байқағанымыздай, ата-баба басына мазарлар, балбал тастар тұрғызу,
оларды зиярат ету, мазар басына шырақшы отырғызу сияқты жосын-жо-
ралғылар түркiлердiң исламға дейiнгi көне дүниетанымында басты на-
зарда болған әдеттер болды. Сопылықтағы діни рәсімдердің тағы бірі –
зікір, кезіндегі қимыл қозғалыстар мен ән айту дәстүрі болды. Қасиетті
Құран кітапта «Сіздер намаздарыңызды оқып болған соң Аллаһты тұрып,
отырып немесе жатып еске алыңыздар» (Валиханов Ч.Ч., 1984: 310) деген
аят бар. Сопылық дәстүрдегі осы рәсімде экстатикалық жағдайға саз бен
би арқылы қол жеткізу қазіргі кезде тек маулавийа тармағында сақталды.
Мұнда қозғалыстың үш түрі – би, айналу және секіру болды. Би шынайы
бар заттардың шеңбері бойынша айналуын көрсетеді. Айналу – рух пен
Аллаһтың ішкі табиғатының (сирр) және болмысының (вуджуд) қаты-
насын, оның көргендері мен ойының ауысуын білдірді. Ал, секіру болса
Құдаймен жалғастыратын тұрақтан адам тұрағының арасына ұмтылы-
сын білдірді (Кенжетай Д., Түркiстан: 2004).
Сопылық дәстүрде зікір етушілердің құсқа еліктеп, құс болып ұшуды
білдіретін қимыл-қозғалыстар жасайтыны белгілі. Сопылықтың ықпа-
лына түскен Иранды жаулап алушы моңғол билеушілерінің ұрпақтары-
ның кешке қарай сопылар ханакасына барып, «құс биін» билейтіндері
туралы мәліметтер кездеседі. Бұл дәстүрдің түркі-көшпенділердің көне
сенім жүйесінің сопылыққа кірген элементтерінің бірі екендігін археоло-
гиялық мәліметтер арқылы дәлелдеуге болады. Ұлы Далада табылған
сансыз петроглифтерде бейнеленетін құстардың бейнесі осының дәлелі.
Жартастардағы бейнеленетін құс бейнелері негізінен дәуірі жағынан эне-
олит, қола және скиф кезеңдеріне жатады. Орнитоморфты бейнелердің
арасында тырналар, үйректер, аққулар, дуадақ, қаз, бүркіт, лашын, қа-
32
Кнорозов Ю.В. Мазар Шамун-наби (некоторые пережитки домусульманских верований у
народов Хорезмского оазиса) // Советская этнография. 1949. S.2. c. 87.
386
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
рақұс, құзғын, үкі, шағала, қораздар кездеседі. Адамзат қоғамының ерте
тарихында жасалған мифтер, сенімдер, ғибадаттар, эпостар, халықтың
рухани мәдениетінің көрінісі. Дәстүрде, жартастағы құстар бейнесі
Тәңірінің құдайлық бейнесі мен Жоғарғы әлемдегі өкілдердің белгілері
болып табылады
33
.
Сопылық көшпенділердің ән айту, саз өнерінің дамуына одан әрі мүм-
кіндік беріп, қасаң діни-идеологиялық тиымдарды айналып өтті. Мұсыл-
ман ғұламаларының нақты дәлелдеріне қарамастан осы мәселеге қаты-
сты таласты пікірлердің болғандығы шындық. Құран мен хадистерді алға
тарта отырып, сопылықтың көрнекті өкілі имам Әбу Хамид әл-Ғазали ән
мен жыр туралы: «Біліңдер, тыңдау – Аллаһтың ең бірінші бұйырығы. Ол
экстазға алып келіп, адам мүшелерінің сәйкес реакциясын тудырады. Бұл
реакция ырғақты немесе ырғақсыз болуы мүмкін. Сондықтан да тыңдауға
тиым салу деген деген сөз харам. ...Әдемі сазды тыңдау адамның жүрегі-
не әсер етеді. Егер тиым салған (мысалы, аурат) нәрсеге қарауға тиым
салуға болады. Сол сияқты, тыңдауға тиым салған нәрсені тыңдау да ха-
рам» дейді
34
.
Сопылықтың осындай әмбебаптығы нәтижесінде өзіне діни
тақырыпты негіз етіп алған түркілердің дәстүрлі ән-жыр өнері барын-
ша дамып, кейін қазақ мәдениетіндегі терме-насихат дәстүрінің тууына
іргетас болды. Қазақтың сал-серiлер кең-байтақ қазақ даласын аралап,
йассауй iлiмімен үндес ғибрат пен даналықты насихаттайтын ән-жыр-
лар айтып, елдi жақсылыққа шақырды. Қазақ мәдени қабатындағы сал-
серiлiк институты Хақиқатқа барар жолдағы адамдардың рухани бiрлiгiн,
туыстығын, ынтымақтастығын қоғамға өнеге ретiнде көрсеткен орталық
болған (Кенжетай Д., 2004: 23 б.).
ХIV ғ. йасауийа шайхтарының көмегiмен Алтын Орда ханы Өзбек
ислам дiнiн қабылдап, сол кезден бастап ол ресми дiнге айналды. Ал-
тын Орда билеушiлерi жаңа мемлекетке дiни-идеологиялық негiз керек
екенiн түсiндi. Осы кезден бастап, яғни, Өзбек хан тұсында Алтын Ор-
даның жаңа идеологиясы базасы шаманизм мен исламмен өрiле қалып-
тасқан йассауийа болды. Әр тайпаның одақта, әр оның бөлiгi иасавиййа
33
Вайнштейн С.И. Мир кочевников центра Азии. М., 1991. с. 234-235.
34
Мошков В.А. Материалы для характеристики музыкального творчества инородцев
Волжско-Камского края. Мелодии ногайских и оренбургских татар. I. Введение //
Известия общества археологии, истории и этнографии при императорском Казанском
университете. Казань, 1894. Т. XII. Вып. 1. c. 30.
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
387
тариқаты бағытына ие болды. Мүршiт-мүрид болған сопылық ұйым не-
гiзiнде жаңа рулық-тайпалық байланыс қалыптасты. Әр жүзге, әр қазақ
ауылында сопы шейхтары пiр болды (Кенжетай Д., 2004: 46 б). Йассауи
жолы бойынша адамның кемелденуiне “отан”, “елдегi тыныштық”, “ба-
уырластық”, “мемлекет басшысына берiлгендiк” сияқты көне түркiлiк
дәстүрлi ұстанымдар қазақ мемлекетттiлiгiнiң жүйесiмен байланысты
болды (Жандарбек З.З., Алматы: 231 б). Аталмыш деректерді қорыта
айтар болсақ, ислам дінін қабылдаған түркілерге бұл діннің шын мәнін-
де шынайы түркілік сипатқа ие болуы үшін түркі мәдениетімен астасып
жатқан дәстүрлер жүйесінің жарамдыларын қайта жаратып, жаңа дінмен
жымдастыру қажеттілігі туды. Бұл міндетті исламдағы сопылық дәстүр
өзінің әмбебаптығы мен қарапайымдылығы әсерінен атқара алып, түркі
дүниетанымының біршама элементтерін өз діни жүйесіне ислам дінімен
қайшылыққа әкелместен атқара алды.
Түркілердің төл дініне осылайша айнала алған ислам түркі-көшпен-
ділер құрған мемлекеттердің басым көпшілігінде саяси-идеологиялық
жетекшілікке ие болды. Осы діннің аясында жаңа сипаттағы, бірыңғай,
анағұрлым дамыған жаңа түркі мәдениеті қалыптасты. Сопылық арқылы
енген ислам дінінің идеялық құндылықтары–заң-дәстүрлер, өнер мен мә-
дениет, этикалық ережелер жүйесі, тұрмыстық сипаттар, шаруашылық-э-
кономикалық типтер ресми түрде түркілік ерекшеліктер түрінде рәсім-
делді.
Тіпті, сопылыққа негізделген исламдық түркілік мемлекеттердің өзін-
дік мемлекеттік формалары қалыптаса бастады. Ислам мемлекеттері
саналатын түркі-көшпенділері мемлекеттері дәл осы сопылықтың арқа-
сында шынайы түрде әрі ислам мемлекеті, әрі өзіндік ерекшеліктерге ие
көшпенді түркі мемлекеттері деп атауға толық лайықты мелмекеттерге
айналды.
Исламның бұл сопылық ағымы қазiргi түркi әлемiнiң тарихында да,
қазiргi кезеңде де өз тарихи тамырын жоғалтқан жоқ. Кiшi Азия – Анадо-
лыда йассауи iлiмi ХIII ғ. бiрiншi жартысынан бастап хайдарилiк тариқа-
ты арқылы ене бастады. Кейiннен ХVI ғ басында құрылған бекташиййа
тариқаты да йассауи iлiмiнiң жалғасы ретінде танылады. Ал Бекташи-
лер ордені Түркиямен қоса Еуропа қалаларында да шоғырланды. Де-
генмен, көшпендiлерге тән ауыз әдебиет элементтері басқа формадағы
388
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
бекташи-алеви салт-дәстүрлерiне керi әсерiн тигiздi және дәстүрлi на-
ным-сенiм құрылымдары мен ережелерi ішінара өз функциясын жоғал-
тып алды. Заман үдерісі тегеурінімен ауызша дәстүрден жазба мәдени-
етiне өтуге мәжбүр болды. Ал, 1990 жылдардағы өзгерістер қайтадан
жандану дәстүрiн ала келді. Жаңадан ашылған дiн мен мәдениет орта-
лықтары, мерзiмдiк басылымдар мен баспадан шыққан кiтаптар, теледи-
дар бағдарламалары сияқты талпыныстар жандану дәуiрiнiң нышандары
ретінде бағалануда
35
.
Қазiргi Орта Азияда йассауийиа ағымы қайта өрлеу дәуiрiн бастан
кешуде. ХVI ғ. дейiн Өзбекстан, Қырғызстан мен Түркменстан жерiнде
өміршеңдігімен танымал бұл ағым ХIХ ғасырдан ХХ ғасырдың жетпiсiн-
шi жылдарына дейiн сақталып келді. ХIХ ғ. екiншi жартысында қырғыз
жерiнде Сәнуәр (1870) шейхтың басшылығымен Йассауийа тариқаты
‘‘
Лахшылар’‘ (Аллаһшылар) атымен қайта жаңғырды. 1920 жылы осы
тариқаттың жалғасы ретiнде Әбутәлiп Сатыбалдиев деген шейхтың бас-
шылығымен ‘‘Шашты ишандар’‘ тариқаты шығып, кеңестiк атейзмнiң
үгiт-насихаттарына қарсы астыртын iс-шаралар ұйымдастырды. 1955
жылы Өзбекстанда Мадарифов Тұрсынбай ишан кеңестiк жүйемен соғы-
сты. 1961 жылы сопылар жеке-жеке тұтқындалып, Сiбiрге жер аударыл-
ды
36
.
Осындай кедергiлерге қарамастан Йассауиа ағымы түркi халықта-
рының тарихи санасында терең iз қалдырды. Түркiлердiң халық әдебиетi,
мақал-мәтелдерi, әдет-ғұрыптары, тiптi, ұлттық менталитет ерекшелiк-
терi осы ағымның шеңберiнде қалыптасты. Исламды тек қасаң ережелер
кешенi ретiнде қалыптасып, тарауына қарсы болып, дiннiң мүмкiншiлiк-
терiн тереңдетiп, адам мен қоғамның кемелденуiне мұрындық болған
i
лiм халықтық сипатымен, дәстүр жалғастығымен түркi жүрегiнен орын
тапты. Йассауи жолының мұрагерлерi Азербайжанда Насими, Хасаноғлу,
Омар Раушани болса, Түркменстанда Мақтұмқұлы өз шығармаларында
кемел адамның бейнесiн жасап, дiннiң қоғам мен адамның рухани да-
муындағы мүмкiншiлiктерiнiң шексiздiгiн жырлады (Кенжетай Д., Түр-
кiстан: 29 б.). Сондықтан да бұл тұлғалардың беделi түркi қоғамындағы
35
Потапов Л.П. Алтайский шаманизм. - Л., 1991.
36
Мухаммад, Юсуф Хаттар. Энциклопедия суфизма. –М.: Издательский дом «Ансар», 2005.
480
б.
Geçmişten Geleceğe Hoca Ahmed Yesevî
389
исламның кез-келген дiни өкiлдерi, – молдалар мен имамдардан, әл-
деқайда жоғары да құрметтi болды.
Осылайша, ерте ортағасырлырдан бастау алған тарихи сабақтастық
бүкіл ортағасырлар бойы сақталып, қазіргі заманымызға дейін өз кө-
кейтестілігін жоғалтпады. Орта ғасырлар мен қазiргi заманымыз ара-
лығындағы дәуірде орын алған тарихи оқиғалар мен саяси үдерістер
алыстай түскенімен, олардың салдарларының қазіргі кездегі әсері әлi де
сезілуде. Қазіргі кездегі әлемнің бір бөлшегі ретіндегі түркі мемлекеттері
бетпе-бет келіп отырған саяси-рухани мәселелердің шығу себептері мен
шешілу түйіндерін іздестіргенде де олардың негізінің тарих қойнаулары-
на алып баратынын байқаймыз.
Дәстүрлі дүниетаным негіз болған ортақ діни идеологияның транс-
формациялануы үрдісі түркі мемлекеттерінің бір-бірімен ара-қатынасын
алшақтатып, қайшылықты тереңдете түсетіндігін де байқап жүрміз. Та-
рихтағы түркiлiк Селжүктер, Ғазнауйлер, Темiрлер, Шыңғыс ұрпақтары,
Османлылар, Қазақ хандығы сияқты мемлекеттер өздерiне исламды иде-
ялық ұстаным деп тану арқылы айтарлықтай жетiстiктерге жеткендiгi
белгiлi. Дiн тарихын зерттеушілердің пайымдауынша, ортағасырлардан
берi ұзақ уақыттар бойы қазақ мемлекетiнде ислам дiнi, иассауийа со-
пылық ағымы ресми идеологиялық тұғырда болып, қазақ мемлекет-
терiнiң негiзгi бағыт-бағдарын белгiлеп отырған.
Соңғы кездері қазақ мемлекеттілігі институттарының құрылып қа-
лыптасуындағы ислам дінінің, сопылық ағымдардың маңызын зерделеп
саралауға арналған зерттеулер толыға түсуде. Осы орайда діни сенім-
дердің түркі мемлекеттеріндегі орнын анықтауда дәстүрлі дүниетаным-
ның тарихи сабақтастығын кешенді түрде қарастыру тарихымыздың ти-
янақты және шынайы көрінісінің кепілі болмақ.
Dostları ilə paylaş: |